V Халықаралық "Атадан мұра" өнер мен білім байқауы

12-14 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен V Халықаралық "Атадан мұра" өнер мен білім байқауында "АСПАПТА ОЙНАУ" жанры бойынша

Жарияланған күні: 15-12-2019  



21-05-2018  

"KazRobotics-2018" Маңғыстау облыстық робототехникасы жарысы

iconТүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары "KazRobotics-2018" Маңғыстау облыстық робототехникасы жарысынан ІІ мен ІІІ орындарды иеленіп келді.  

21-05-2018  

Мəскеу қаласында өткен "Математика жəне жобалау" атты ХІІ халықаралық ғылыми жобалар конкурсы

iconМəскеу қаласында өткен "Математика жəне жобалау" атты ХІІ халықаралық ғылыми жобалар конкурсына Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-11 сынып оқушылары Асқар Іңкар, Бакибаев Нұрбек, Даулетяр Бекжан, Сарсенбаева Камила, Нурмагамбетова Асел 1-орын иеленіп, 6 Алтын медальмен 1 Қола медальді Қазақстанның қоржынына салды. Дарынды оқушылардың жетекшісі жоғары санатты математика пəнінің мұғалімі Атамуратова Роза Жолдыбаевна. 

21-05-2018  

Өскемен қаласында өткен республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы

iconТүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11"А" сынып оқушысы Нұрланқызы Арай Өскемен қаласында өткен республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасынан  жүлделі 2 орынды иеленді. Жетекшісі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдіқалық Валентина Жұмабайқызы.  

26-04-2018  

"Абай" және "Мағжан" оқулары байқауы 2018ж

iconМаңғыстау облысының білім басқармасы және "Дарын" облыстық қосымша білім орталығы ұйымдастырған "Абай" және "Мағжан" оқулары байқауынан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" номинациялары бойынша мектебіміздің 10 "А" сыныбының оқушылары Төлегенова Нурсулу мен Әділбаева Қадиша жүлделі 3 орындарды иеленді. 

23-04-2018  

Конкурс 2018 ж

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 2018 жылдың 24 сәуір мен 10 мамыр аралығында 7 сыныптарға конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды қабылдауды жүргізеді: 1) Нысан бойынша талапкердің ата-анасының/заңды өкілінің өтініші; 2) үміткердің туу туралы куәлігі/паспортының немесе жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) ЖСН көрсетілген (қосымша) көшірмесі; 3) оқудағы жетістіктерін растайтын тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген талапкердің сертификат, дипломдарының көшірмелері; 4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.  Бекітілген мерзімнен кеш ұсынылған өтініш конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдамауға негіз болып табылады. Іріктеу конкурсы 11-18 мамыр аралығында жүргізіледі.  

21-04-2018  

Алтын қазына

icon"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2018 жылдың 17 сәуірі күні "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолтаңбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы өтті. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды құттықтаймыз! 10"Ә" Сағын Жалғас  2 орын,  10"Б" Аяпбергенов Азамат  3 орын,  9"Б"Тулесинов Айат  3 орын    

16-04-2018  

Ата-ана назарына!

icon Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы "EDU-HUB" аймақтық тренинг орталығы 2018 жылғы 16 сәуір мен 18 мамыр аралығында "Эффективное общение родителей с детьми подросткового возроста" тақырыбында 32 академиялық сағаттық (4 апталық) онлайн курс өткізетіндігін хабарлайды. 

14-04-2018  

INTO University of Exeter

iconТүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында 14.04.2018 ж Ұлыбритания мемлекетінің Exeter университетінің профессоры Karen Glide пен ТОО Compass Education компаниясының бас директоры Айжан Кульжабаева 9,10,11 сынып оқушылары мен ағылшын тілі пәні ұстаздары арасында көшбасшылық тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

05-04-2018  

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы

iconТүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының  11"А" сынып оқушысы Нұрланқызы Арай Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 1 орынмен марапатталды.   

05-04-2018  

"Асыл мұра 2018ж"

iconТүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары "Асыл мұра 2018ж" I облыстық ән - күй байқауының күй номинациясы бойынша Тулесинов Айат 9 "Б" " Алғыс xат" пен ән номинациясы бойынша Ынтымаққызы Айкүміс 10"А" жүлделі 1 орынмен марапатталды.  

Соңғы жаңалықтар