2019-2020 оқу жылына қабылдау емтиханы мамырдың 17-18 күндері өтетінін хабарлайды!

Емтиханға қатысатын оқушылар тізімі:

- Қазақ тілінде оқытылатын 7 - сынып (жаратылыстану-математика бағыты)

- Қазақ тілінде оқытылатын 7 - сынып (гуманитарлық бағыт)

- Обучение на русском языке 7 класс (естественноатематическое  направление)

Жарияланған күні: 15-05-2019  



14-12-2018  

Қалалық олимпиаданың қорытындысы бойынша рейтинг

icon

13-12-2018  

Облыстық патриоттық əн байқауынан 11-сынып оқушысы Ынтымаққызы Айкүміс - 2 орын иеленді. 7-сынып оқушысы Елубаева Қарлығаш - жеке жетістігі үшін номинацияға ие болды. Құттықтаймыз

icon

12-12-2018  

IQCENTER ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ ПОРТАЛЫ МЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ҰЛАН” БАСЫЛЫМЫ

icon IQCENTER ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ ПОРТАЛЫ МЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ҰЛАН” БАСЫЛЫМЫ төмендегі номинациялар бойынша шығармашылық байқау ұйымдастырады. 1) ЭССЕ: “ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БАЛАСЫМЫН” (Тәуелсіздік туралы түсінік. Сен үшін тәуелсіздік деген не? Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;) 2) МӘНЕРЛЕП ОҚУ: “ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ” (Кез келген ақынның тәуелсіздік туралы өлеңін мәнерлеп оқу. Қатысушыны смартфонға видеоға түсіру керек. Видео-файл салмағы 50мб-тан аспауы қажет) 3) ӨЛЕҢ: “АЗАТ ЕЛІМ” (Ақындық қабілеті бар қатысушылар тәуелсіздік мерекесіне орай өлең шығаруы керек. Шынайылығы, көркемдік теңеуі, буын санына қарай өлеңнің ұйқастығы ескеріледі. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады) 4) СУРЕТ САЛУ БОЙЫНША: “АЗАТ ЕЛДІҢ АСПАНЫ” (Тақырыпқа орай сурет салу. Сурет салуға арналған арнайы қазғаз-қаламдар мен түрлі-түсті қарындаштар, акварельді бояу және т.б. қолдануға болады; Қарап салуға болады, бірақ белгілі бір суреттің үстінен басып көшіруге қатаң тыйым салынады; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)  5) ЭССЕ: “HAPPY NEW YEAR” (“Жаңа жыл” эссесі ағылшын тілінде жазылады. Жаңа жылдық кештер туралы, тілектер. Сөйлемдегі сөздік қорына, грамматикалық құрылымы мен сөйлем құрылысына назар аударамыз; “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)  6) СУРЕТ САЛУ БОЙЫНША: “ЖАҢА ЖЫЛ” (Тақырыпқа орай сурет салу. Сурет салуға арналған арнайы қазғаз-қаламдар мен түрлі-түсті қарындаштар, акварельді бояу және т.б. қолдануға болады; Қарап салуға болады, бірақ белгілі бір суреттің үстінен басып көшіруге қатаң тыйым салынады; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)  7) ӨЛЕҢ: “ТӨРЛЕТ, ЖАҢА ЖЫЛ” (Ақындық қабілеті бар қатысушылар жаңа жыл мерекесіне орай өлең шығаруы керек. Шынайылығы, көркемдік теңеуі, буын санына қарай өлеңнің ұйқастығы ескеріледі. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады) 8) ЭССЕ: “КЕЛ, ЖАҢА ЖЫЛЫМ” (Қазақ жыл санауында келер жыл қандай жыл? Ол несімен ерекше? Сенің отбасыңда жаңа жыл қалай тойланады? Отбасылық мерекенің сен үшін орны туралы жаз. Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады.  9) ЭССЕ: “АЯЗ АТА, АҚШАҚАР” (Аяқ ата мен ақшақар атауларының шығу тарихы. Олар қайдан шыққан? Мекен-жайы қайда? Жаңа жыл “иелеріне” айналған аяз ата мен ақшақар туралы қызықты мәліметтер жазу. ) Байқауға жұмыстарды қабылдау уақыты: 10.12.2018ж - 20.13.2018ж Жұмыс нәтижесі шығатын уақыты: ‪24.12.2018‬ жыл. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ: 1 Қатысушылар бір жұмыс үшін (комиссиясыз) 500 теңге төлем жасауы шарт. 2 Жұмыстарды С-204 кабинетіне тапсырасыздар. 3 Байқауға жұмыстар jpg, doc және mp4 форматында жолдануы қажет. Бір жұмысты бірнеше почтадан жіберуге қатаң тиым салынады! 4 Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. І орын бойынша - Ноутбук,  ІІ орын бойынша – Смартфон,  ІІІ орын бойынша – Планшет 

25-05-2018  

Соңғы қоңырау 2018

icon«Қош, қош бол мектебім Бал дәурен күндерім. Таңындай көктемнің, Өтіпті сенде күн…» – деп 25 мамырда Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат түлектерінің барлығы бала шақтан болашаққа жолдама алып алтын ұя-мектеппен қоштасып «Соңғы қоңырау» соқты. «Ел жүрегі - Астана» деген атаумен өткен бұл салтанатты жиынға интернат түлектері, ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Түлектерді құттықтап, салтанатты шараны тамашалап  келген ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Салтанатты жиын қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды. 

24-05-2018  

"Жұлдыздар шеруі-2018"

iconТүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында 2017-2018ші оқу жылы қорытындысы бойынша түрлі сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, сайыс додаларында оза шауып бәйге алған оқушыларымызға арналған "Жұлдыздар шеруі-2018" атты салтанатты шарасы өткізілді. 

21-05-2018  

"KazRobotics-2018" Маңғыстау облыстық робототехникасы жарысы

iconТүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары "KazRobotics-2018" Маңғыстау облыстық робототехникасы жарысынан ІІ мен ІІІ орындарды иеленіп келді.  

21-05-2018  

Мəскеу қаласында өткен "Математика жəне жобалау" атты ХІІ халықаралық ғылыми жобалар конкурсы

iconМəскеу қаласында өткен "Математика жəне жобалау" атты ХІІ халықаралық ғылыми жобалар конкурсына Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-11 сынып оқушылары Асқар Іңкар, Бакибаев Нұрбек, Даулетяр Бекжан, Сарсенбаева Камила, Нурмагамбетова Асел 1-орын иеленіп, 6 Алтын медальмен 1 Қола медальді Қазақстанның қоржынына салды. Дарынды оқушылардың жетекшісі жоғары санатты математика пəнінің мұғалімі Атамуратова Роза Жолдыбаевна. 

21-05-2018  

Өскемен қаласында өткен республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы

iconТүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11"А" сынып оқушысы Нұрланқызы Арай Өскемен қаласында өткен республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасынан  жүлделі 2 орынды иеленді. Жетекшісі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдіқалық Валентина Жұмабайқызы.  

26-04-2018  

"Абай" және "Мағжан" оқулары байқауы 2018ж

iconМаңғыстау облысының білім басқармасы және "Дарын" облыстық қосымша білім орталығы ұйымдастырған "Абай" және "Мағжан" оқулары байқауынан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" номинациялары бойынша мектебіміздің 10 "А" сыныбының оқушылары Төлегенова Нурсулу мен Әділбаева Қадиша жүлделі 3 орындарды иеленді. 

23-04-2018  

Конкурс 2018 ж

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 2018 жылдың 24 сәуір мен 10 мамыр аралығында 7 сыныптарға конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды қабылдауды жүргізеді: 1) Нысан бойынша талапкердің ата-анасының/заңды өкілінің өтініші; 2) үміткердің туу туралы куәлігі/паспортының немесе жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) ЖСН көрсетілген (қосымша) көшірмесі; 3) оқудағы жетістіктерін растайтын тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген талапкердің сертификат, дипломдарының көшірмелері; 4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.  Бекітілген мерзімнен кеш ұсынылған өтініш конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдамауға негіз болып табылады. Іріктеу конкурсы 11-18 мамыр аралығында жүргізіледі.  

Соңғы жаңалықтар