2019-2020 оқу жылына қабылдау емтиханы мамырдың 17-18 күндері өтетінін хабарлайды!

Емтиханға қатысатын оқушылар тізімі:

- Қазақ тілінде оқытылатын 7 - сынып (жаратылыстану-математика бағыты)

- Қазақ тілінде оқытылатын 7 - сынып (гуманитарлық бағыт)

- Обучение на русском языке 7 класс (естественноатематическое  направление)

Жарияланған күні: 15-05-2019  



10-11-2017  

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында белгілі шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменеймен кездесу өтті

icon10.11.2017 ж күні мектебімізде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен және барлық мектептердің жас мамандарының қатысуымен «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында белгілі шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменеймен кездесу өтті. 

21-10-2017  

Дені саудың жаны сау

iconБүгін 21.10.2017ж Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп - интернатында "Дені саудың жаны сау" атты салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 7 сынып оқушыларының арасында спорттык сайыс өткізілді. 

21-10-2017  

Менің таза мектебім

icon21.10.2017ж.Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп интернатының 9-10 сынып оқушылары "Менің таза мектебім" атты сенбілік жұмысын уйымдасқан түрде атқарды. 

20-10-2017  

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты.

icon"Қарттарым асыл - қазынам" 

18-10-2017  

Зайырлылық және телеранттылық

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы "Дін мәселелері бойынша ақпараттық - талдау орталығы" мамандары Газимов Н, Бисенбаева А келіп "Зайырлылық және телеранттылық" тақырыбында сыныптар арасында сұхбат жүргізді.

07-10-2017  

Сенбілік өтті

icon Қазанның 7-і күні мектепте сенбілік өткізілді. Барлық мектеп оқушылары сенбілікке шығып мектеп ауласы мен мектеп аумағын тазартты.

30-09-2017  

Ұстаз – мектептің жүрегі

iconҰстаз – мектептің жүрегі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған " Ұстаз - мектептің жүрегі” атты концерттік мереке мектептің акт залында аталып өтті.  Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш ететін оқушылар қауымы мерекеге бар ынталарын салып, қызықты да мәнді концерт ұыймдастырды. Бұл мерекеде мектептің әр оқытушысы үлкен құрметке бөленіп, өздеріне арналған музыкалық шашуға тәнті болды.   

29-09-2017  

Өзін - өзі басқару күні

icon29 қыркүйек Өзін-өзі басқару күні өтті, бір күн болса да алға қойған мақсатты орындап, мұғалімдердің сенімін ақтадық деп ойлаймыз. 

21-09-2017  

7 «В»,8 «В» сыныптың жетекшісі Қалыңбаева Айнұр Мырзабайқызы 21.09.2017ж.күні сағат: 14:00,18:00 де сыныптық ата-жиналысын өткізді

icon7 «В»,8 «В» сыныптың кураторы Қалыңбаева Айнұр Мырзабайқызы 21.09.2017ж.күні сағат: 14:00,18:00 де сыныптық ата-жиналысын өткізді. Қаралған мәселелер: І. Оқушылардың киім үлгісі; ІІ. Сабаққа қатысы; ІІІ. 5 күдік оқытуға көшу; ІҮ. Жаңартылған оқыту әдісі; ҮІ. Ата-аналар комитетін тағайындау. 

17-09-2017  

Талантты тану-2017ж

iconРухани жаңғыру бағдарламасы аясында көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағытында "Талантты тану" сайысы  өтті. Сайысқа барлық сынып оқышылары қатысып, қөптеген жеңімпаздар марапатқа ие болды.

Соңғы жаңалықтар