2020 жылға дейінгі даму стратегиясы

Мектеп-интернатының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы

Девиз: Білім берудегі жоғары сапаға қол жеткіземіз! Миссия:  Дарынды,  бәсекеге қабілетті, әлемдегі өзгерістерге бейім, Қазақстандық зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету. 

Бағдарламалық мақсаттары мен Міндеттері

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының  2020 жылға дейінгі даму стратегиясының Бағдарламалық мақсаттары мен  Міндеттері 

Білім беру үрдісіне қатысушылар

Y. Білім беру үрдісіне қатысушылар 5.1. Мекемеде оқитындар, педагог қызметкерлер, оқитындардың ата-аналары /олар орнына жүрген тұлғалар/ білім беру үрдісіне қатысушылар болып табылады. 5.2. Тиісті жасқа толған балалар Мекеменің 7-сыныбына медициналық терістеу айғақтары болмаған жағдайда конкурстық емтихандар нәтижесінде, білім  деңгейлерін анықтау  арқылы қабылданады. 

Білім беру үрдісін ұйымдастыру

Мекеме білім беру үрдісін жалпы білім беретiн бағдарламалар деңгейіне сәйкес білім берудің II сатысы бойынша қазақ тілінде және орыс тілінде жүзеге асырады. 

Мекемені басқару

Мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мекеме туралы тұрпатты Ережеге сәйкес адамға тән жалпы құндылықтардың демократиялығы, ашықтығы, басымдылығы, адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, жеке тұлғаны еркін дамыту қағидасында iске асырылады. Мекемені басқару дара басшылық және өзін-өзі басқару қағидаларының ұштасуы негізінде іске асырылады. 

Қаржыландыру және шаруашылық қызмет

Мекеменің бюджеттiк қаржыландырылуын қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес бiлiм басқармасы іске асырады. Мекеменің мүлігін және қаржы ресурстарын қалыптастыру көзi: • Құрылтайшының меншікті қаражаты; • бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттар; • Мекемеге меншік иесі немесе өкiлетті орган берген мүлік; • ата-аналардың /олардың орнына жүрген тұлғалардың/ қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырымдылығы; • өнімдерді өткізуден және қызметтерді көрсетуден, сондай-ақ өздігінен қызмет жасауға рұқсат етілген басқа жұмыс түрлерінен түскен кіріс; • қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгеде қаржы көздері болып табылады. 

Қызметті реттеу

Мекеменің қызметі жергілікті актілердің мына түрлерімен реттелінеді: • Жарғы; • Ішкі тәртіп Ережелері; • Оқитындарға арналған Ережелер; • Лауазымдық нұсқаулар; • Қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу және сыйақы беру туралы Қағидалар; • Мекеме директорының бұйрықтары мен нұсқаулары; • Кестелер, графиктер.Жергілікті актілер қолданыстағы заңнамаға және осы Жарғыға қайшы келмеуі қажет. 8.2. Мекеменің қызметін осы Жарғының бабында көрсетілген өзге жергілікті актілермен реттеу қажетілігі болған жағдайда олар Жарғыға қосымшалар ретінде тіркелуге жатады.  

Қайта ұйымдастыру және тарату

Бiлiм басқармасының шешiмiмен Мекеменің қызметі қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтатылуы мүмкін. Мекемені қайта ұйымдастырған кезде /ұйымдастыру-құқықтық нысанын, мәртебесін өзгерту/ оның Жарғысы, лицензиясы және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі күшін жояды. Мекемені тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және жағдайда іске асырылады. 

Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері: 2015-2020 жылдар

ІІІ кезеңдік бағдарламаны жүзеге асыру жолдары

Бағдарламаны орындаушы, Бақылауды ұйымдастыру жүйесі

білім беру бағдарламалары  мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады; оқушылардың интеллектуалдық потенциалы ескеріліп  білім мазмұны жаңартылады, сапалы тиімді білім моделін енгізуге  жол ашылады; 

Соңғы жаңалықтар

12