Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

24.05.1996 жылы  Президентіміз  Ә.Н. Назарбаевтың «Дарынды балаларға  арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету және дамыту» атты №3002 тапсырмасынан кейін барлық облыс орталықтарында арнаулы мектеп-интернаттар  ашылғаны белгілі. Маңғыстау облысында 29.07.1997 жылы облыс әкімінің №470 шешімімен  «Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» құрылды. Мектеп-интернатта  жыл сайын 300-дей оқушы білім нәрінен сусынданып,  негізгі үш бағытта дәріс алуда. Техникалық – математика, физика, пәндері және гуманитарлық – қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі; жаратылыстану – химия, биология пәндері тереңдетіліп оқытылады. 2006 жылдан мектептің атауы өзгеріп

 Мемлекеттік лицензия № 0060327 Ақтау қалалық білім бөлімі жалпы орта білім беру қызметімен айналысуға мерзімі шектелмеген уақытқа берілген. Маңғыстау облысы әкімиятының 26.12.2006 жылы № 414 қаулысымен бекітілді.

« Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» атауын алды. 2005 жылы «сапалы мектеп» номинациясын жеңіп алды.2005 жылдан бері Қазақстанның «Ең үздік жүз мектеп» қатарында. Ал  Маңғыстау облысында «Ең үздік 10 мектеп» құрамында.2008 -2010 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі  мектеп ұжымына ҰБТ-де көрсеткен  жоғары көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Алғысы» жарияланды. Маңғыстау облыс мектептерінің  ішінде математика пәнінен сапа бойынша тұрған алдыңғы орындағы мектептердің бірі болып табылады. Мектеп-интернат  1997 – 2014 жылдар аралығында 1083 түлекті мектеп  қабырғасынан ұшырды. Соның ішінде  29  «Алтын белгі» иегерлері 18 үздік оқушы.

Соңғы бес жылда 66 оқушы Халықаралық ғылыми жобалар мен рейтингтік олимпиадаларға  қатысып, 43 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Мектеп түлектері бүгінгі таңда шетелде де білімдерін шыңдап,  Назарбаев Университетінде де оқып жатыр.Олар әлемдік кеңістікте бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуде.

Мектептің  атауы:

 «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі, 

Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, ғимарат,

Соңғы жаңалықтар